Иран Трамптың сөзінен кейін алаңдатарлық мәлімдеме жасады

08:59, 6 сәуір 2026

© Сурет: freepik

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі АҚШ президенті Дональд Трамптың республика аумағындағы энергетикалық нысандар мен көпірлерге соққы беру туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде АҚШ президентінің бұл қоқан-лоққысы қатаң сынға алынды.

"АҚШ президенті тағы да Ирандағы бейбіт халықтың өмір сүруі үшін аса маңызды инфрақұрылымды жоюмен ашық түрде қорқытып отыр. Ол: "Сейсенбі электр станциялары күні және көпірлер күні болады. Барлығы бірге, мұндай бұрын-соңды болмаған!" деп мәлімдеді. Егер БҰҰ-ның ар-ожданы тірі болса, ол соғыс өртін тұтандырған АҚШ президентінің азаматтық инфрақұрылымды нысанаға алу туралы ашық әрі арсыз қатеріне үнсіз қалмас еді", – делінген хабарламада.

Мәлімдемеде Иранның БҰҰ жанындағы өкілдігі "Трамп өңірді шексіз соғысқа тартуға тырысуда" деп атап өтті.

"Бұл – бейбіт тұрғындарды қорқытуға тікелей әрі ашық түрде арандату және әскери қылмыс жасау ниетінің айқын дәлелі. Халықаралық қауымдастық пен барлық мемлекеттер мұндай сұмдық әскери қылмыстардың алдын алуға заңды түрде міндетті. Олар дәл қазір әрекет етуі тиіс. Ертең тым кеш болады", – деп түйіндеді саясаткерлер.

Бұған дейін АҚШ басшысы Иранға Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу бойынша Вашингтонның шарттарын қабылдауға 48 сағат уақыт берілгенін, әйтпесе Тегеранға "тозақ орнатылатынын" мәлімдеген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!