Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға шараны күшейтті
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдері мен жанар-жағармайды көлемі ұлғайтылған жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдары арқылы ел аумағынан заңсыз шығаруды анықтау және оның жолын кесу бойынша кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу пунктінде патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істейді. Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау фактілерін, оның ішінде жол талғамайтын көліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерді анықтау және тоқтату бойынша шаралар қабылдануда.
Шекара маңында орналасқан Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарына ерекше назар аударылуда. Бұл өңірлерде осындай құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ конструкциясы өзгертілген көлік құралдарын анықтау бойынша қосымша шаралар қолға алынған.
Сонымен қатар автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен айналысатын, қажетті тіркеу және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мысалы, Қордай ауданының Қордай ауылында полиция қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен бірлесіп, қосымша жанармай бактарын орнатумен айналысатын 16 техникалық қызмет көрсету станциясын тексерді. Тексеру нәтижесінде алты нысан иесіне қатысты әкімшілік материалдар жинақталды.
Тек соңғы бір айдың өзінде полиция қызметкерлері шамамен 12 тонна жанар-жағармайды заңсыз әкетудің жолын кесті. Қайта жабдықталған жанармай бактары бар 54 автокөлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топ құрып, есірткі бизнесімен айналысқан шетелдіктерге үкім шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 10 маусым 2026
Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:30, 10 маусым 2026
3 млн USDT көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді
-
10:16, 10 маусым 2026
Айына 8.7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын
-
09:58, 10 маусым 2026
Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады
-
09:40, 10 маусым 2026
Алаяқтық жасап, есірткі бизнесін ұйымдастырған: ІІМ іздеуде жүрген бірнеше күдіктіні шетелде құрықтады





