Жаңаөзенде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
© Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі, Zakon.kz коллажы
Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 13 желтоқсан күні Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттіктің мәліметінше, қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.
"Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты", – делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз", – делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





