Жаңаөзен қаласындағы емхана директоры бюджет қаражатына қол сұқты деген күдікке ілінді

20:22, 28 тамыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысында "№2 Жаңаөзен қалалық емханасы" ШЖҚ МКК директоры мен бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәліметінше, олар мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деп күдікке ілінген.

Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!