Жаңа жылдық дастархан қаншаға қымбаттады – Сауда министрлігі хабарлады
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 17 желтоқсанда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасы Ернұр Жаутікбаев биылғы жаңа жылдық дастарханның бағасының қаншалықты қымбаттағанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ернур Жәутікбаевтың айтуынша, министрлікте осы азық-түлік себетін талдау жүргізілген.
"Жаңа жылдық себетке алынатын 37 өнімді қарастырсақ, оның ішінде екі ыстық тағам – тауық еті мен сиыр еті бар. Өткен жылы бұл шамамен 68 мың теңге болса, қазіргі таңда 70 мың теңге шамасында. Айырма осы. Кейбір тауарлар арзандаған, кейбірі аздап қымбаттаған, бірақ жалпы динамика осындай", – деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, келе жатқан 2026 жыл Қызыл Отты Ат жылы болып, шексіз энергия, жігер және жылдам өзгерістер символын білдіреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 17 желтоқсан 2025
«Барлығының жұмыс істеуі шарт емес»: Астана-Алматы бағытындағы әуе кемесі екі рет тұраққа оралып, ақыры ұшпады
-
16:11, 17 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте -18°С-қа дейін аяз бен қар күтіледі
-
16:02, 17 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік әділет мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
-
15:55, 17 желтоқсан 2025
Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды
-
15:48, 17 желтоқсан 2025
17 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар 4,5 теңгеге арзандады





