Жаңа жылда қандай кинолар көруге болады?
© Сурет: pixabay
Жаңа жыл түнінде көруге болатын отбасылық фильмдер мен мультфильмдер туралы айтамыз.
"Тағдыр ирониясы", 1975 жыл
Культке айналған кеңестік комедияның кейіпкері – қарапайым Женя Лукашин достарымен бірге моншаға барады. Мас болып қалған достары оны қателесіп Ленинградқа жібереді. Женя көзін ашқанда бейтаныс сұлу қызды көреді.
"Үйде жалғыз қалғанда", 1990 жыл
"Один дома" - жаңа жылдық көңіл-күйді беретін фильм. Режиссер Крис Коламбус мен сценарист Джон Хьюз тудырған фильм отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фильм бүкіл әлем үшін қысқы мерекенің символына айналды.
"Rise of the Guardians", 2012
DreamWorks Animation студиясы жасаған анимациялық фильм балалардың армандары мен үміттерін қорғайтын Санта Клаус, Тіс Феясы, Құм адамы мен Алып туралы. Бәрі бірге команда құрып, балалардың ғажайыпқа сенетін күнәсіз жан-дүниесін сақтайды.
"Поляр экспресі", 2004
Крис Ван Оллсбургтың 1985 жылы шыққан "Поляр экспресі" атты балалар кітабының негізінде жасалған. Режиссер көрерменге ғажайып пен жылулыққа толы тамаша оқиға тарту еткен.
Оқиға Рождество түнінде Санта Клаустың бар екеніне күмәнданатын ұл баланың күтпеген жерден алыстан пойыз дауысын естіген сәтінен басталады. Поляр экспресі ретінде танымал пойыз кейіпкерді Солтүстік полюске ғажайып саяхатқа шақырады.
"Санта Клаустың құпия қызметі", 2011
Мультфильм Санта бір түннің ішінде барлық балаға бірдей қалай сыйлық беріп үлгеретіні туралы. Алайда Санта Клаустың адал көмекшілері қателік жіберіп, Гвен есімді қыз сыйлықсыз қалады.
Пошта бөлімінің қызметкері Артур әділдік орнатып, қателікті жөндеу үшін іске кіріседі.
Сөз орайында айта кетсек, Алматы қаласының тұрғындары Санта Клаустың резиденциясында Сантаға хат жазып, тақта отырып, тастың жанында жылына алады.
Резиденция Қазақстан халықтарының ертегілер паркінде орналасқан.
Жұмыс кестесі: күн сайын 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері 11.00-ден 16.00-ге дейін балаларға арналған бағдарламалар қойылады. Жаңа жылдық бағдарлама 30 желтоқсан күні, 7 қаңтар Рождество күні өтеді. Кіру тегін, мекенжайы: Халиуллин көшесі, 45а.
"Жаңа жылдарыңызбен, қыздар!" 2022 жыл
Отандық фильм – жеңіл комедия. Жаңа жыл қарсаңында Жания есімді сұлу қызды жігіті тастап кетеді. Жанияға құрбылары келіп, оны тілектерді орындайтын сиқырлы тасқа ертіп барады. Мерекелік комедия әйелдердің достығы мен жол бойындағы көңілді оқиғалар туралы.
Александра Гузева, Мейіргүл Оңғарова
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:24, 31 қазан 2026
Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
19:22, 31 қазан 2026
1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:34, 31 қазан 2026
Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
-
17:43, 31 қазан 2026
Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі
-
17:36, 31 қазан 2026
Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуді бастады





