Жаңа жыл қарсаңында отшашуға тыйым салынуы мүмкін

10:41, 27 қараша 2026
MKZ: 1580035

© Фото: Zakon.kz

Германия полиция қызметкерлерінің 70%-ға жуығы Жаңа жылда азаматтардың отшашу қолдануына тыйым салуды қолдайды. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлері кәсіподағы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының жазуынша, сауалнамаға 9 мың полицей қатысқан. Олардың үштен екісі жеке азаматтар ататын отшашулар құқық қорғау органдарының жұмысын қиындататынын мәлімдеген.

Өткен Жаңа жыл қарсаңында кезекшілік атқарған полиция қызметкерлерінің жартысынан көбі пиротехникаға байланысты кем дегенде бір рет қауіпті жағдайға тап болған.

Шамамен 200 полицей отшашудан жарақат алғанын хабарлаған.

Әлеуметтік сауалнама Германияның Ішкі істер министрі Александр Добриндтке жолданған хатқа қол жинау науқаны аясында жүргізілген. Хат авторлары министрді жаңа жылдық мерекелер кезінде жеке тұлғалардың пиротехника қолдануына тыйым салуға шақырған. Петицияны миллионнан астам азамат қолдаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!