СҚО-да мұздатылған еттен қауіпті бактерия анықталды
© Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерден қауіпті мұздатылған ет партиясы тәркіленіп, жойылды. Зертханалық талдау нәтижесінде өнімнен ауыр инфекциялық ауру тудыруы мүмкін бактерия анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Qazaqstan Media басылымының 2026 жылғы 26 қарашадағы мәліметінше, тұтыну нарығына жүргізілген мониторинг барысында жеке кәсіпкерлердің бірінен мұздатылған еттің сынамасы алынған.
Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың мамандары зерттеу нәтижесінде сынамадан Listeria monocytogenes бактериясын анықтаған. Бұл микроорганизм қауіпті инфекциялық ауру – листериозды тудыруы мүмкін.
Қауіпті өнім ветеринариялық қызмет өкілдері мен тауар иесінің қатысуымен арнайы пеште өртеліп, жойылды.
"Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен жұмысы заңбұзушылықтарды уақтылы анықтауға және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әрбір кәсіпкер сататын тауарының сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты екенін түсінуі керек", – деді СҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғалымжан Ильясов.
Ведомство өкілдері бактерия анықталған еттің қай елді мекенде және қай кәсіпкерден табылғанын нақтыламады. Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мониторинг жалғасып жатыр.
Айта кетейік, тағамдарға қосылатын қоспаларға да назар аудару қажет. Тамақтану жөніндегі сарапшы танымал өнеркәсіптік тұздықтардың пайдалы тағамдарды жасырын қант пен майлардан тұратын қауіпті "коктейльге" қалай айналдыратынын түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 27 қараша 2026
Жаңа жыл қарсаңында отшашуға тыйым салынуы мүмкін
-
10:39, 27 қараша 2026
Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады
-
10:24, 27 қараша 2026
Брокерлер қазақстандықтардың бағалы қағаздардан алған кірісі туралы мәліметті МКК-не береді
-
10:20, 27 қараша 2026
Алматыда есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды
-
10:12, 27 қараша 2026
Астанада жаңбыр қарға ұласып, қала бір түнде қар жамылды





