Астанада жаңбыр қарға ұласып, қала бір түнде қар жамылды
© Фото: Zakon.kz
Кеше, 2026 жылғы 26 қарашада, Астанада күндіз жауған жаңбыр кешке қарай қарға ұласты. Қала тұрғындарының айтуынша, елордада бір түннің ішінде күздің орнын қыс басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде қар жамылған қаланың кадрлары жарияланды.
Смотреть в Threads
"Ақыры Астана зауыттық баптауларына қайта оралды", – деп жазды Threads желісінде aseke3107.kz есімді қолданушы.
Пікірлерге қарағанда, қар жауғанына қуанған астаналықтар көп. Дегенмен кейбірі қыстың келгеніне қуануға әлі ерте екенін, ол үшін кемінде он градус аяз бірнеше күн сақталуы керектігін жазған.
- "Неткен әдемі!"
- "Мәссаған!"
- "Вирустың бәрі қырылатын болды!"
- "Әйтпесе тым босаңсып кетіп едік".
- "Ескі вокзал жақта қар аздау сияқты".
- "Ауа райы біресе олай, біресе былай. Жақында қайта еріп кетеді".
- "Астана қазір швейцар сағатындай дәл жүріп тұр".
- "Әзірге зауыттық баптауына орала қойған жоқ. Ең болмаса, он градус аяз тұрақтаса ғой".
- "Қап, кімнің аузына түсті екен?! Күздің әлі төрт күні бар еді ғой. Ұлым екеуміз бұған келіспейміз".
- "Ағылшынша мұны back to factory settings дейді. "Қыс" жаңартуы орнатылды. Одан бас тарту мүмкін емес".
"Қазгидрометтің" болжамынша, 2026 жылғы 27, 28 және 29 қарашада Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −10 °C-қа дейін төмендеп, күндіз 0 °C-қа дейін көтеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 27 қараша 2026
Брокерлер қазақстандықтардың бағалы қағаздардан алған кірісі туралы мәліметті МКК-не береді
-
10:20, 27 қараша 2026
Алматыда есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды
-
10:04, 27 қараша 2026
Интернет-алаң иелері мемлекеттік кірістер органдарына мәліметті қалай ұсынады – ережелер өзгерді
-
09:52, 27 қараша 2026
Өскемен - тарихы терең, бүгіні берекелі, болашағы жарқын қала
-
09:49, 27 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды





