Димаш Құдайберген өзінің жаңа жобасы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді

10:16, 5 ақпан 2026

© Сурет: ru.dimashnews.com

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін, 5 ақпанда тыңдарманға теледидардан жол тартатын "Көкжиектен асқан үн" атты жаңа музыкалық жобасының аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жоба жайлы әнші өззінің Instagram парақшасында жазды.

"Музыка туатын, жүректер оның ырғағымен соғып, көкжиектен асқан үнді оятатын әлемге бірге қадам басайық", – деп жазды Димаш өз оқырмандарына.

Премьераны бүгін сағат 22:00-де Hunan TV және Mango TV арналарында тамашалауға болады.

Бұған дейін қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың орталық телеарнасынан көрсетілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!