Алматыда тауға шығамын деп жарақаттанған әйелге құтқарушылар көмекке келді
© Фото: zakon.kz
Бүгін, 2026 жылы 4 ақпанда тауда, Алма-Арасан бұлағы маңында 71 жастағы әйел адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам бұлақ маңында жүріп, аяғы тайып кетіп құлап, оңбай жарақаттанған.
"Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп зардап шеккен адамды эвакуациялады. Арнайы зембілдің көмегімен зардап шеккен адам таудан Алма-Арасанның автотұрақ аймағына дейін эвакуацияланып, қауіпсіз жеткізілді. Кейін Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны медициналық мекемеге жеткізді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Таразда мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған азамат марапатталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 4 ақпан 2026
«Қатты аяз болады». Астанада, Алматыда және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:45, 4 ақпан 2026
Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаның өршуіне байланысты мәлімдеме жасады
-
21:28, 4 ақпан 2026
Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды
-
21:19, 4 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
-
21:19, 4 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді





