Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.
Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 16 наурыз 2026
Ақтауда балалар алаңында ойнап жүрген бала жарақат алды
-
19:35, 16 наурыз 2026
Қазақстанда 17 наурызда жаңбыр, тұман және шаңды дауыл болады
-
19:20, 16 наурыз 2026
Үстел теннисінен ел құрамасының көшбасшылары Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді
-
19:09, 16 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады
-
18:39, 16 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың эстафетадағы нәтижесі қандай





