Қақтығыс сәтінде Дубайдағы пәтерлер арзандауда: шындық па, жалған ба
© Сурет: freepik
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты соңғы уақытта ақпарат құралдарында БАӘ-де, әсіресе Дубайда, тұрғын үй бағасы күрт төмендеп жатыр деген әңгімелер жиілеп кетті. Кейбір деректерде тіпті екі таңбалы пайызбен құлдырағаны айтылуда. Бұл қаншалықты шындық, толығырақ ақпаратта.
Келісімдер азайды, нарық баяулады
Мұндай пікірлердің пайда болуына негізгі себеп – бағаның өзі емес, нарықтағы белсенділіктің күрт төмендеуі. Investing дерегінше, наурыздың алғашқы жартысында БАӘ-дегі жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелер көлемі: өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға, ал алдыңғы аймен салыстырғанда бірден 51%-ға азайған.
Наурыздың екінші аптасында жағдай одан әрі нашарлаған: мәмілелер саны жылдық есеппен 42%-ға төмендеген, қайталама нарық 59%-ға құлдыраған, виллалар сегменті 89%-ға дейін төмендеген, жалпы операциялар көлемі 38%-ға қысқарған
Ал баға жағынан өзгеріс әлдеқайда жұмсақ болды – шамамен бір айда 8%-ға ғана төмендеген.
Сонымен қатар, ірі құрылыс компанияларының бірі – Emaar акциялары шамамен 40%-ға арзандаған. Бұл нарықтағы күтулердің нашарлағанын көрсетеді.
Яғни, қазіргі жағдайда ең алдымен сұраныс күрт азайып жатыр: адамдар сатып алуды тоқтатты, ал бағалар әлі қатты өзгерген жоқ.
5 күнде –15%: бұл қайдан шыққан?
Осы жағдай аясында кейбір БАҚ-та одан да қатаң мәліметтер тарады. Мысалы, Turprom порталы Дубайдағы элиталық жылжымайтын мүлік бағасы қақтығыстың алғашқы 5 күнінде 15%-ға төмендеді деп жазды. Бұл төмендеу аймақтағы шиеленістің күшеюімен және Дубай мен Абу-Дабиге жасалған шабуылдармен байланыстырылған.
Сондай-ақ сарапшылар қаланың әлсіз тұстарын да атап өтті: импортқа тәуелділік жоғары, шетелдік жұмыс күшіне тәуелді, маңызды инфрақұрылымға тәуелді.
Егер энергия немесе су жүйесінде ірі ақаулар болса, қала 48 сағат ішінде елеулі қиындықтарға тап болуы мүмкін деген болжам бар.
Бірақ мұндай пікірлер жалпы нарықта жаппай баға құлдырауы болып жатқанын нақты дәлелдемейді.
Қор нарығы да төмендеуді көрсетіп жатыр
Қосымша белгі ретінде қор нарығындағы жағдайды қарауға болады. Proeconomics дерегі бойынша: Дубай индексі бір айда 11%-ға төмендеген, Катар нарығы шамамен 9%-ға түскен.
Экономист Эльдар Шамсутдинов жылжымайтын мүлік компанияларын көрсететін DFM Real Estate Index индексін келтіреді: ақпандағы 16 766 пункттен 10 984 пунктке дейін түсіп, шамамен 34% жоғалтқан. Негізгі құлдырау соңғы үш аптада болған. Оның айтуынша, бұл индекс әдетте алдағы өзгерістерді алдын ала көрсетеді. Яғни: алдымен құрылыс компанияларының акциялары түседі, кейін сатылымдар азаяды, жалдау табысы төмендейді. Содан кейін ғана (3–6 айдан кейін) тұрғын үй бағасы әлсірейді.
Баға нақты қай жерде төмендеп жатыр?
Бағаның төмендеуі қазірдің өзінде байқалады, бірақ тек жекелеген жағдайларда. Әсіресе: бөліп төлеумен алынған пәтерлерді қайта сату кезінде. Кейбір инвесторлар төлемді жалғастыра алмай, мұндай пәтерлерді: өз салған ақшасынан 20–30% жеңілдікпен сатуға дайын. Бірақ бұл толық бағадан емес, тек өз инвестициясынан төмен баға.
Сонымен қатар, құрылыс компаниялары да шектеу қояды: бөліп төлеуді қайта сату үшін әдетте соманың 50%-ын алдын ала төлеу керек. Бұл талап нарыққа кіруді қиындатып, мәмілелер санын азайтады.
Сонымен, қазіргі жағдайды қысқаша айтсақ: мәмілелер саны күрт азайды, қор нарығы төмендеуді көрсетіп жатыр, кейбір сегменттерде баға арзандап жатыр. Бірақ, жаппай тұрғын үй бағасының құлдырауы әлі болған жоқ. Қазір Дубай нарығы баяулау кезеңінде. Егер белгісіздік ұзаққа созылса, сол кезде ғана бағаның кең көлемде және жүйелі түрде төмендеуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 17 наурыз 2026
Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді
-
17:53, 17 наурыз 2026
Қазақстандық спортшыларға Олимпиада стипендиясының алғашқы төлемі аударылды
-
17:39, 17 наурыз 2026
Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырған күдікті ұсталды
-
17:26, 17 наурыз 2026
Шымкент саябағында екі ер адам есірткі жасырған
-
17:16, 17 наурыз 2026
Абай облысында ұрлық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды





