Айгүл Забирова: Референдум қоғамның ел болашағына қатысты таңдауын көрсетті
© Сурет: kisi.kz
Қазақстанда өткен жаңа Конституция бойынша референдум қоғамның ел болашағына қатысты көзқарасын айқындаған маңызды саяси оқиға болды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық референдум комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, конституциялық өзгерістерді қазақстандықтардың 87,15%-ы қолдаған. Референдумға қатысу деңгейі 73,12% болды.
Сарапшының айтуынша, бірнеше әлеуметтанулық ұйым жүргізген экзитпол нәтижелері де осы көрсеткіштерге жақын. Мәселен, Еуразиялық интеграция институтының зерттеуіне сәйкес, жаңа Конституцияны респонденттердің 86,7%-ы қолдаған. "Астана Социс-А" институтының сауалнамасында бұл көрсеткіш 87,4%, ал Қоғамдық саясат институтының экзитполында 88,6% болған.
"Үш экзитполдың да деректері жаңа Конституцияны қолдау деңгейі шамамен 87-89% аралығында екенін көрсетті. Бұл әртүрлі әлеуметтанулық компаниялардың бағалауларының жоғары дәрежеде сәйкес келіп отырғанын білдіреді және референдум нәтижелерін қазақстандықтардың тұрақты таңдауы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді", – дейді Айгүл Забирова.
Оның айтуынша, референдум қарсаңында жүргізілген сауалнамалар қоғам қандай қағидаттарды қолдайтынын да көрсеткен.
Ең жоғары қолдау табиғатқа құрмет қағидатын Конституцияда бекітуге берілген. Респонденттердің 86,5%-ы бұл норманы толық қолдаса, тағы 8,5%-ы қолдайтынын білдірген.
"Бұл тек экологиялық күн тәртібінің маңыздылығын емес, сонымен бірге қоғамның жетілгендігін де көрсетеді. Бүгінде көптеген елдер экологиялық тұрақтылыққа ерекше назар аударып отыр", – деді сарапшы.
Қолдау деңгейі бойынша екінші орында мәдениет, білім, ғылым және инновациялар құндылықтарын Конституцияда бекіту мәселесі тұр. Бұл норманы респонденттердің 78,6%-ы толық қолдаған, тағы 13%-ы қолдайтынын айтқан. Жалпы қолдау 91%-дан асады.
Сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы дербес деректерін қорғау нормасы да жоғары қолдауға ие болған. Респонденттердің 77,7%-ы бұл бастаманы толық қолдаса, 12,2%-ы көбіне қолдайтынын білдірген.
" Цифрлық экономика дәуірінде дербес деректерді қорғау азаматтар мен бизнес үшін сенімнің негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан мұндай норманы Конституцияда бекіту бүкіл әлемдегі технологиялық компаниялар мен инвесторларға маңызды сигнал ретінде қарастырылуы мүмкін: Қазақстан цифрлық дамуды адам құқықтарын қорғаудың заманауи стандарттары негізінде құруға ниетті", – деді Айгүл Забирова.
Сонымен қатар сауалнама нәтижелері қоғамда кәсіби сарапшылар пікіріне деген сенім артып келе жатқанын көрсеткен. Мәселен, "конституциялық реформа мәселесінде қай топтың пікірі маңызды?" деген сұраққа респонденттердің 31,6%-ы заңгерлерді атаған. Бұл депутаттар мен мемлекеттік қайраткерлерге деген сенім деңгейінен (12,5%) айтарлықтай жоғары.
Ал саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен аналитиктерден құралған сарапшылар қауымдастығына респонденттердің 23,1%-ы сенім білдірген.
Сауалнама деректері Президентке деген сенім деңгейі де жоғары екенін көрсетті – шамамен 86%.
"Конституциялық реформа Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, жоғары сенім деңгейін жүргізіліп жатқан өзгерістер бағытын қолдау ретінде де қарастыруға болады", – дейді сарапшы.
Сонымен қатар респонденттердің басым бөлігі елдің даму бағытына оң баға берген. Атап айтқанда, 30,6% Қазақстан сөзсіз дұрыс бағытта дамып келеді деп санаса, 47,8% ел көбіне дұрыс бағытта дамып жатыр деп жауап берген. Жалпы оң бағалау 78,4% болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 16 наурыз 2026
Ақтауда балалар алаңында ойнап жүрген бала жарақат алды
-
19:35, 16 наурыз 2026
Қазақстанда 17 наурызда жаңбыр, тұман және шаңды дауыл болады
-
19:20, 16 наурыз 2026
Үстел теннисінен ел құрамасының көшбасшылары Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді
-
19:09, 16 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады
-
18:39, 16 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың эстафетадағы нәтижесі қандай





