Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

16:23, 2 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 2 наурызда Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми деректерді ҰСБ Telegram-каналында жариялады.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!