Жамбылда Нұр-Сұлтаннан келген жігіттен коронавирус анықталды

17:02, 6 сәуір 2020

6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирустың жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқас 1992 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, ол өзінің жеке көлігімен ата-анасы тұратын Тараз қаласына келген. 5 сәуірде ол ЖРВИ белгілері бойынша уақытша ауруханаға түсті. Коронавирус инфекциясының зертханалық тексеріс нәтижесі оң шықты, - дейді coronavirus2020.kz сайты.

Науқаспен байланыста болғандардың барлығы анықталды, карантиндік ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Науқастың тұрғылықты жерінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!