Жамбыл облысында сексеуіл шабу дерегі азайған

08:41, 23 қазан 2017

Жамбыл облысында сексеуілді заңсыз кесу дерегі азайды.

Мамандар мұны 2018 жылға дейін бұл ағашты елімізде сатуға, кесуге жарияланған мораториймен байланыстырып отыр. Мәселен, 2015 жылы инспекторлар 150 факт анықтаса, өткен жылы бұл көрсеткіш 25-ке дейін төмендеген. Ал биылғы жылдың 9 айында осындай 15 дерек тіркелді. Олардың 12-сі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сексеуілді заңсыз кесу әсіресе күз және қыс мезгілдерінде жиілей түседі. Жалпы өңірдегі сексеуіл өсетін аумақ 1 миллион 100 мың гектарды құрайды. Аймақта оның көлемін ұлғайту үшін жыл сайын жас көшеттерді отырғызу қолға алынған.

Талғат Тоғызбаев, Облыстық Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Көшет отырғызу жұмыстары қарқынды қолға алынды. Бұрындары тұқым себетін болсақ, қазір 80 пайыз сексеуілді көшеттен отырғызамыз. Бүгінгі күні осы тәсіл сексеуіл аумағын ұлғайтуға өте тиімді болып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!