Жамбыл облысында полиция майоры ашылған қылмыс көлемін арттыру үшін есірткі сатқан

21:54, 15 қараша 2024

© Сурет: polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу , сақтау, өткізу бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының мәліметінше, полиция қызметкері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 297-б. 3-б. 3,4)-т.).

Сотталушы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы лауазымын атқара отырып, бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғыны Щ-мен танысқан. Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 грамм "кептірілген марихуана" есірткі құралын заңсыз сатып алған.

Сотталушы М. кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен М. ҚК-нің 297-б. 3-т. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, полиция "майоры" арнайы атағынан айыра отырып тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!