Тоқаев бірқатар мемлекетке елшілерді жаңадан тағайындады

12:26, 15 қараша 2024

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елшілер жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 15 қарашада Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалды:

  • Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен босатылды:

  • Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!