Жамбыл облысында пойыз қағып кеткен әйел аман қалды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

10:37, 24 шілде 2026
MKZ: 1557760

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Жамбыл облысында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған әйел пойыз астына түсті. Нәзік жанды ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, әйел теміржолды рұқсат етілмеген жерден, жақындап келе жатқан пойызды көре тұра кесіп өтпек болған.

Машинист пойызды дер кезінде тоқтата алмай, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары ресми тергеу жұмыстарын бастап, болған жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтауға кірісті.

"2026 жылғы 20 шілдеде теміржол көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша Шу станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда қайталап тәртіп бұзған ер адам қамалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!