Жамбыл облысында 2886 есірткі сайты бұғатталып, 1183 тонна қарасора жойылды

15:59, 16 қазан 2024

© Сурет. Жамбыл облысы прокуратурасы

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров ведомствоаралық кеңесте, есірткі қылмысына қарсы күрес тиімді әрі жүйелі болуы тиіс екендігін, себебі ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын қорғауға әсер ететіндігін атап өтті.

Жиын Полиция департаментінде құқық қорғау органдарының барлық мамандандырылған тергеу және оперативті бөлімшелерінің қатысуымен өтті.

Ағымдағы кезеңде бірлескен шаралармен есірткі қылмыстары 15,3%-ға төмендеді (457-ден 387-ге дейін). Оған облыстың 5 ауданында жабайы қарасораның нақты өсу учаскелерін анықтап, 1183 тоннасын (2023 ж. — 220 тн) жоя отырып, жергілікті атқарушы органдармен "Есірткісіз болашақ" форматында бірлескен шаралар да ықпал етті.

Прокуратура әзірлеген "NarkoShekteuTaraz" телеграм-ботымен 2886 есірткі сайты бұғатталды, 439 граффити жойылды, олар бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді.

Сонымен қатар прокурорлар есірткі жарнамасын насихаттайтын жағымсыз мазмұнды анықтауға баса назар аудара отырып, оқушылар мен колледж студенттері арасында факультативтік сабақтар өткізуде.

Нұрғалым Әбдіров есірткі қылмыстарын анықтау процесінде арандатушылыққа және лауазымдық функцияларын асыруға жол бермеуге ерекше назар аударды.

7 азаматты қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартқаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстарды арандату және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ағымдағы жылы "Дельта-Долина" ауданаралық есірткіге қарсы күрес бөлімнің 2 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты (заңды күшіне енген жоқ), 34 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осы тектес бұзушылықтардың алдын алуға нақты шаралары мен жауапкершілік аймақтары белгіленген бірлескен ведомствоаралық жоспар қабылданды.

Прокуратура есірткі қылмысымен байланысты жағдайды жақсарту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!