Жабайы болмысын сақтаған: Алматы зоопаркіндегі екі құс еркіндікке жіберілді
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 29 сәуірде Алматы хайуанаттар бағы "құстар әлеміндегі" маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы хайуанаттар бағының әлеуметтік желідегі парақшасында бір жұп ителгінің туған мекеніне – табиғат аясына оралғаны жайлы бейнежазба пайда болды.
"Қазан айында табиғатты қорғау прокуратурасы бізге тәркіленген құстарды тапсырған болатын. Зообақ олар үшін уақытша баспана мен шипажайға айналды. Біз барлық ветеринарлық шараларды жасадық. Әрі қарай мониторинг жасау үшін чип салынды; құстардың күш-қуатын толық қалпына келтіруіне жағдай жасадық. Ең бастысы – біздің мамандар құстардың жабайы табиғатын жоғалтпағанын растады. Демек, олардың нағыз үйі – еркін аспан. Сот шешімінен кейін көптен күткен сәт те келіп жетті",- делінген ақпаратта.
Осылайша, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, ителгілер Кербұлақ ауданында табиғатқа жіберілді.
"Мұндай құтқару оқиғалары тек жұмыла жасалған еңбек пен табиғатқа деген шексіз махаббаттың арқасында жүзеге асады. Туған өлкеміздің табиғатына бейжай қарамайтын әрбір жанға алғыс айтамыз!",- деп мәлімдеді мамандар.
Бұған дейін Алматы зообағында туылған тянь-шань қоңыр аюының сүйкімді қонжықтарына есім берілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 29 сәуір 2026
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 30 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды
-
18:40, 29 сәуір 2026
Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
-
18:28, 29 сәуір 2026
Алматы полицейлері жеделірек бола түсті: жолдарға мото-патрульдер шықты
-
18:13, 29 сәуір 2026
Түркістанда өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды
-
17:41, 29 сәуір 2026
Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталды





