Зеленский Ұлыбританиямен арнайы келісімге отырды
© Сурет: t.me/V_Zelenskiy_official
Украина президенті Владимир Зеленский "Ұлыбританиямен 100 жылдық серіктестік туралы келісімді" ратификациялау туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК мәліметінше, Ұлыбритания мен Украина 2025 жылдың қаңтарында 100 жылдық серіктестік туралы келісімге отырды, бірақ ол әлі күшіне енген жоқ. Ұлыбританияның Премьер-министрі Кир Стармер Үкімет басына келгелі бері бірінші рет сол кезде Киевке келісімге қол қою үшін келген.
Сапар барысында Стармер Лондон биыл Киевке "бұрынғыдан да көп қолдау көрсетеді" деп уәде берді.
Келісім екі елдің әскери және әскери емес салалардағы қатынастарын кеңейтуге және тереңдетуге арналған. Онда мынандай тармақтар қарастырылған:
- Украинаның қорғаныс әлеуетін нығайту, оның қауіпсіздігін күшейту және НАТО-ға мүшелікке өту бойынша "консенсус құру" туралы;
- экономикалық және сауда ынтымақтастығын кеңейту;
- энергетика, қоршаған орта және таза энергияға көшу саласындағы ынтымақтастықты нығайту;
- ақпараттық манипуляциялар мен шетелдің араласуына қарсы күрес.
Ұлыбритания үкіметі Лондон мен Киев келісім аясында Балтық, Қара және Азов теңіздерінің қауіпсіздігін күшейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Ұлыбритания жариялаған декларация мәтінінде британдық тарап Киевке 2030/31 жылға дейін кем дегенде 3 миллиард фунт (шамамен 3,9 миллиард доллар) көлемінде жыл сайынғы әскери көмек көрсетуге уәде бергені айтылады.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-ты келісімге шақырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 12 сәуір 2026
Қазақстандағы ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды
-
09:42, 12 сәуір 2026
Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
-
17:49, 11 сәуір 2026
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
-
17:27, 11 сәуір 2026
Қазақстанда 12 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі
-
16:56, 11 сәуір 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды





