Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік өзгереді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады.
Егер салымшы зейнетақы жинағын басқарушы компанияға өзі берсе, онда алдағы табыс пен тәуекелдерді және басқару шарттарын бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал шығын үшін мемлекет өтемақы төлеуге міндетті болмайды.
Десе де, мемлекеттік кепілдік біржолғы өтемақы және ұзақ мерзімде зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне айтарлықтай әсер етпейді.
Сондықтан оны сақтау зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі кепілі емес. Өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты жауапкершіліктен бас тартатынын білдірмейді.
Активтерді бұрынғыдай бақылауда ұстайды, делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 14 шілде 2026
Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
-
09:47, 14 шілде 2026
Жыл басынан бері 8 мыңнан алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
-
09:38, 14 шілде 2026
Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
-
09:26, 14 шілде 2026
Аптап ыстықта ауа баптағышсыз пәтерді қалай салқындатуға болады: ДДСҰ кеңес берді
-
09:16, 14 шілде 2026
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді





