Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Алматы, Астана және тағы төрт қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға (ҚМЖ) байланысты кезекті ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы гидрометеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланды.
"2026 жылғы 14 шілдеде Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында, ал түнгі уақытта Астана мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.
Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.
Бұған дейін Қазақстанның барлық 17 облысында ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетіні, кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 14 шілде 2026
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы рекордтық жүктемеге жетті
-
10:59, 14 шілде 2026
Алакөлдегі оқыс жағдай: Есінен танып қалған туристке алғашқы көмек көрсеткен кім
-
10:45, 14 шілде 2026
Елордада мас күйінде көшеде киімсіз серуендеген ер адам ұсталды
-
10:38, 14 шілде 2026
Канистрлерге құйып өткізбек болған: Қазақстанда жанармайды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді
-
10:24, 14 шілде 2026
«Союз МС-29» кемесінің командирі экипаждың бөгде ғаламшарлықтармен кездесуге дайындығы туралы айтты





