Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) чемпиондық жарысындағы үздік үштік қатарындағы орнын сақтап қалды. Жаңартылған рейтинг 2026 жылғы Уимблдон турнирі аяқталғаннан кейін жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz басылымының мәліметінше, Рыбакина турнирден ерте шығып қалғанына қарамастан, 4627 ұпаймен үшінші орында қалды.
Чемпиондық жарыстың көшін 4999 ұпаймен ресейлік Мирра Андреева бастап тұр. 4945 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орында.
Ал Уимблдон-2026 турнирінің финалисі, чехиялық Каролина Мухова 4270 ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Финалда оны жеңіп, чемпион атанған тағы бір чехиялық теннисші Линда Носкова бес сатыға жоғарылап, 3674 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.
Еске салайық, Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы Уимблдон турниріндегі жарысын үшінші айналымда аяқтады. Ол бұл кезеңде бельгиялық теннисші Элизе Мертенстен жеңіліп қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 14 шілде 2026
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы рекордтық жүктемеге жетті
-
10:59, 14 шілде 2026
Алакөлдегі оқыс жағдай: Есінен танып қалған туристке алғашқы көмек көрсеткен кім
-
10:45, 14 шілде 2026
Елордада мас күйінде көшеде киімсіз серуендеген ер адам ұсталды
-
10:38, 14 шілде 2026
Канистрлерге құйып өткізбек болған: Қазақстанда жанармайды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді
-
10:24, 14 шілде 2026
«Союз МС-29» кемесінің командирі экипаждың бөгде ғаламшарлықтармен кездесуге дайындығы туралы айтты





