Заңғар Нұрланұлы карьерасында ITF Juniors кубогын төртінші рет жеңіп алды
© Сурет: ktf.kz
Шымкентте ITF J200 санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы Shymkent Open турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңғар Нұрланұлы (149 ITF Juniors) финалда сербиялық Никола Йовичті (95 ITF Juniors) 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:5 есебімен жеңіліп тұрғанда, сербиялық ойыншы сетті аяқтау үшін допты ойынға қосты, бірақ Заңғар кеткен есені қайтарып қана қоймай, партияда жеңіске жетті. Нұрланұлы турнирдегі жеңісіне дейін жасөспірімдер рейтингінде өзінен жоғары тұрған мықты қарсыластарынан басым түсіп, 1/4 финалда жарыстың бірінші ракетасын жеңіп кетті.
Бұл – Заңғардың ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол бұған дейін Түркияда екі рет (J100 және J30) және Словакияда (J30) бір рет жеңіске жеткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 12 қазан 2024
СҚО-да екі полицей тұрғынды өрт кезінде құтқарып қалды
-
17:17, 12 қазан 2024
Қыс келе жатыр: Ішкі істер министрлігі қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
-
16:46, 12 қазан 2024
Қар, нөсер жаңбыр, көктайғақ: синоптиктер 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:04, 12 қазан 2024
ATP 250 Almaty Open турнирінің жеребесі тартылды
-
15:31, 12 қазан 2024
Талғар ауданындағы жағдай: Алматы облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді