Балаларға арналған ойыншықтар: қуаныш па әлде қауіпті ме

19:28, 11 қазан 2024

© Сурет: pxhere

Баланың жаңа ойыншықты қолына алғандағы қуанышын ештеңемен салыстыруға болмайды. Ойыншықтар қиялды, моториканы және әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін маңызды. Дегенмен, бұл қуанышпен бірге жауапкершілік те келеді: әрбір сатып алу қауіпсіз болуы тиіс.

Ойыншық сізге өзі туралы ештеңе айта алмайды, сондықтан оның таңбаламасына, әсіресе шетелдік өнімдерге ерекше назар аударған дұрыс. Көптеген ата-аналар бұл жайында ұмытып жатады. Дұрыс таңбаланбаған ойыншықтар улы заттар немесе ұсақ бөлшектер сияқты қауіптерді жасыруы мүмкін. Таңбаламасы толық емес ойыншықтарға сену арқылы ата-аналар балаларының денсаулығына қауіп төндіріп жатады.

Балаларға арналған ойыншықтар: қуаныш па әлде қауіпті ме?, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 19:28

Сурет: Жанна Биятан

Таңбаламаны неліктен мұқият тексерген жөн?

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("MOТҚҚҚ" ҚБ) Қазақстанда сатылатын тұтыну тауарлары нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жұмысын жалғастыруда. Осылайша, 2024 жылдың шілде айында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне талдау жасау үшін Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінен LOL ойыншығын (өндіруші Қытай) сатып алды. Өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға ұсынылды.

2024 жылдың 18 шілдесіндегі № РО-24-03467/13 хаттамасына сәйкес, сараптама нәтижелері Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті талаптарына қатысты бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады.

Сараптама барысында анықталған негізгі мәселелер – мәселе туындаған жағдайда жауапты тұлғаға хабарласу мүмкіндігінен айыратын өндіруші мен импорттаушының аты-жөні мен орналасқан жерінің көрсетілмеуі және шығарылған күнінің жоқтығы болды. Өнімнің Кеден одағы аумағында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінінің маңызды көрсеткіші – ЕАС белгісінің жоқтығы да ерекше алаңдаушылықты тудырады.

Сонымен қатар, ойыншықты пайдаланудың ерекше сақтық шаралары тек шет тілінде көрсетілген, ал қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат мүлдем жоқ. Бұл, сонымен қатар, "ҚазақстанРеспубликасындағы Тілдер туралы" заңына сәйкес келмейді, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді, өйткені, ата-аналар нұсқауларды немесе ескертулерді түсінбеуден дұрыс пайдаланбауы мүмкін.

Балаларға арналған ойыншықтар: қуаныш па әлде қауіпті ме?, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 19:28

Сурет: Жанна Биятан

Сонымен қатар, ойыншық органолептикалық, физико-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері бойынша сараптамадан өтті. Қорытындыға сәйкес кешенді зерттеудің барлық көрсеткіштері ойыншықтардың қауіпсіздігі техникалық регламенттердің белгіленген нормаларынан аспайтынын анықтады.

Ата-ана жауапкершілігі

Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Тексерілмеген ақпараты толық емес ойыншықтарды сатып алу арқылы біз олардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреміз. Бұл тек физикалық қауіпсіздік мәселесі ғана емес, сонымен қатар адал бизнесті дамытуға қосқан үлес те. Заңды өндірушілер инфрақұрылымды, балалар мекемелері мен мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға жұмсалатын салықтарын төлейді.

Бәріміз де балаларымызға ең жақсыны бергіміз келеді, бірақ ең жақсы таңдау – ойыншықпен қуанту ғана емес, сонымен бірге оның қауіпсіздігі екенін де ұмытпауымыз керек. Ойыншықтың сертификатталғанына көз жеткізу үшін әрқашан жапсырманы тексеріңіз. Өйткені, балаларыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі осыған байланысты. Біздің әрбір ұсақ-түйекке мұқият назар аударуымыз жас тұтынушыларды қауіптерден қорғауға көмектесіп, жауапты деген кәсіпкерлерді қолдауды білдіреді.

Кәсіпкерлердің жауапкершілігі

Қажетті құжаттарсыз тауар сатумен айналысатын кәсіпкерлер техникалық реттеу саласындағы заңнаманы бұзып қана қоймай, балалардың денсаулығына қауіп төндіретінін түсінуі керек. Олар салықтан жалтаруға және сапаны бақылаудың жоқтығына ықпал етіп, көлеңкелі экономиканы қолдайды. Егер барлық бизнес заңдылықтарды сақтаса, салықтан түскен ақшаны мектептер мен ойын алаңдарын салу сияқты маңызды әлеуметтік жобаларға жұмсауға болар еді.

Өнімді қалай тексеруге болады?

Қазақстанда онлайн режімде қолжетімді сертификатталған тауарлардың тізілімі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының Бірыңғай тізілімі бар. Ата-аналар ойыншықтарының қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес келетініне көзжеткізу үшін осы ресурстарды пайдалана алады. Сондай-ақ, қаптамада өнімнің барлық қажетті тексерулерден өткенін растайтын EAC белгісі болуы тиіс.

"Ойыншықтарды сатып алу – бұл қуаныш пен қамқорлықтың арасындағы таңдау ғана емес, сонымен қатар, ата-ананың жауапкершілігі. Сіз таңдаған тауардың балаңыз үшін қауіпсіз екеніне көзжеткізу үшін сатып алғаныңызды мұқият қарап шығыңыз және таңбаламасын тексеріңіз. Өйткені, балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты – біздің басты міндетіміз", - деп түйіндеді сөзін "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Әлия Әлибекова.

Осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың хабардарлығын арттыру және олардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Балаңызға сатып алған ойыншықтың қауіпсіз екенін білу – сіздің құқығыңыз.


Таңбаламаны неліктен мұқият тексерген жөн?

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!