Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді

18:48, 11 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Үшінші орынға таласта Әбиба германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!