Қарағанды облысында пойыздың тоқтату кранын жұлып алған әйелге айыппұл салынды

20:10, 11 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Қарағанды облысында пойыздың тоқтату кранын жұлып алған жолаушы әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 қазанда Қарағанды – Сұрыптау станциясынан Астана – Семей бағытындағы жолаушылар пойызы жөнелтуі кезінде тоқтату кранын жұлып алғандықтан пойызды кестеден тыс тоқтатуға тура келді.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қарағанды облысының тұрғынын анықтады. Ол пойызға кешігіп, вагон тұтқасынан ұстап алған. Әйел адам жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК айыппұл салынды. Жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 67 536 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде пойыздардың тоқтату кранын жұлып алудың 39 фактісі тіркелді.

Еске салайық, негізсіз пойыздың тоқтату кранын жұлып алу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай жағдайда пойыздардың қозғалыс кестесі бұзылады, жолаушылар әбігерге түседі, кенеттен шұғыл тежеу салдарынан жолаушылар мен пойыз қызметкерлері жарақат алуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!