Қазақстанның солтүстігінде қолайсыз ауа райынан жолдар жабылды

21:15, 11 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстанның солтүстігінде қолайсыз ауа райынан жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысындағы көлік қозғалысында шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.

Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі автожолдардың учаскесінде шектеу қойылады:

  • А-1 "Астана - Петропавл" жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
  • А-13 "Көкшетау - Омбы" жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
  • Р-11 "Көкшетау - Рузаевка" жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!