Ямаль мен Рафинья дубль жасап, «Барселонаға» қатарынан үшінші рет жеңіс сыйлады
© Сурет: Instagram/FCBarcelona
2026 жылдың 31 тамызында Испания чемпионаты – Ла Лиганың үшінші турындағы матчтар аяқталды. Соңғы кездесуде "Барселона" өз алаңында "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матчтың басында каталондық команда қонақтарды қуып жетуге мәжбүр болды. 12-минутта "Райо Вальекано" ойыншысы Серхио Камельо есеп ашты.
Алайда бұдан кейінгі 10 минут ішінде "Барселона" есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Гол авторлары – Рафинья мен Ламин Ямаль.
Екінші таймда "Районың" ойыншылары екі гол соқты. Флориан Лежен допты өз қақпасына енгізсе, Камельо дубль жасады.
Дегенмен бұл күні "Барселонаны" тоқтату мүмкін болмады. Кездесудің соңғы 20 минутында Рафинья мен Ямаль тағы бір-бір голдан соғып, командасына жеңіс әкелді.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:59, 1 қыркүйек 2026
Таңертең 40 мың жолаушы: Алматы метросы жаңа оқу жылының алғашқы күнін қалай өткізді
-
15:48, 1 қыркүйек 2026
1 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:23, 1 қыркүйек 2026
«Таза Қазақстан»: астаналық оқушылар экологиялық бастамаларды талқылады
-
15:13, 1 қыркүйек 2026
Алматыда күн күркіреп, Астанада үсік жүреді: 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
15:03, 1 қыркүйек 2026
Ауру белгілерін интернеттен іздеу неге қауіпті: психолог түсіндірді





