Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, сайлау Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы негізінде ұйымдастырылады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуі керек.
Алдағы сайлау аясында еліміздегі 228 мәслихаттың 3 447 депутаты сайланады. Оның ішінде 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық, ал 2 053 мандат аудандық мәслихаттарға тиесілі.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:28, 13 қазан 2026
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
-
18:12, 13 қазан 2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға келеді: қалада жол қозғалысы шектеледі
-
18:01, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаттарының есімі қашан белгілі болады
-
17:45, 13 қазан 2026
Қар, жаңбыр, тұман және шаңды дауыл: 14 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:42, 13 қазан 2026
Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна төмендеуі мүмкін





