Вице-президенттің «өзге өкілеттіктері» нені білдіреді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Татьяна Савельева 2026 жылғы 8 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында болашақ вице-президенттің өкілеттіктерін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол "Қазақстан Республикасының президенті туралы" заң жобасына сәйкес, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша оны Кұрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде таныстыратынын, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді орындайтынын еске салды.
Осыған байланысты депутат "өзге өкілеттіктер" нақты нені білдіретінін сұрады.
Ерлан Сәрсембаев түсіндіргендей, вице-президент институты тек Мемлекет басшысы жүктейтін миссия шеңберінде жұмыс істейді.
Министрдің айтуынша, ол Президенттің мүддесін білдіретін лауазым болады. Сондықтан оның өкілеттіктерінің нақты ауқымын да Президенттің өзі айқындайды.
Бұл өкілеттіктер арнайы жеке жарлық арқылы бекітілетін вице-президент туралы ережеде көрсетіледі. Мұндай тәсіл мемлекеттік басқарудың икемділігі мен жағдайға бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу жоспарланып отырғаны туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:14, 8 мамыр 2026
Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
-
12:00, 8 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
-
11:58, 8 мамыр 2026
Павлодарда қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
-
11:40, 8 мамыр 2026
Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды
-
11:26, 8 мамыр 2026
Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды





