Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды
© Фото: pixabay
Алматы қаласының полициясы азаматтарды негізсіз қудалаудан қорғау бағытында нақты шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде қала тұрғыны бұрынғы жұбайы тарапынан үздіксіз қудалау фактісі бойынша полицияға жүгінген.
Аталған өтініш негізінде полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді дәлелдейтін айғақтар толық жиналып, күдікті азамат жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, оған қатысты пробациялық бақылау белгіленді.
Жәбірленуші өз өтінішінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігін ерекше атап өтті:
"Полицияның дер кезінде әрекет етуінің арқасында қудалау тоқтатылып, өмірімдегі тыныштық қайта қалпына келтірілді", – деп жазылған өтініште.
Өз кезегінде Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім басшысы Елдос Бақбергено:
"Азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне нұқсан келтіретін кез келген қудалау әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан қатаң баға беріледі. Полиция мұндай деректерге жедел ден қойып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деп атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 8 мамыр 2026
Қазақстанда электронды дауыс беру неге әзірге енгізілмейді – ОСК түсіндірді
-
12:42, 8 мамыр 2026
Қазақстанда 9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
-
12:39, 8 мамыр 2026
Астана – Франкфурт рейсі: Air Astana ұшағы Ақтөбеге мәжбүрлі түрде қонды
-
12:25, 8 мамыр 2026
Алматыда анасы Сайранда 15 жастағы қызын ер адам аңдығанын мәлімдеді
-
12:14, 8 мамыр 2026
Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді





