VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті
© Фото: zakon.kz
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы ел қоржынына кезекті жүлделерін салып, алтын медаль санын 32-ге жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 2026 жылғы 6 қыркүйекте спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша жүлделерге таласты.
Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті:
- тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
- мангала жарысында да ел спортшылары сәтті өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
- Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны — овариден де қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалмады.
- көкбөріден өткен финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара сынға түсті.
"Қырғызстанда кеңінен дамыған және елдің дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің бірі саналатын көкбөріден қырғыз құрамасы шешуші ойында басым түсіп, алтын медаль иеленді. Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіндегі алтын медаль саны 32-ге жетті", делінген хабарамада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отырғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:48, 6 қыркүйек 2026
Астанада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй отқа оранды
-
13:45, 6 қыркүйек 2026
Алматы әуежайының Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберісі ашылды
-
12:13, 6 қыркүйек 2026
Алматыда жол апатына ұшыраған Damas бір бүйіріне қарай аударылып қалды
-
12:05, 6 қыркүйек 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 6 қыркүйек
-
11:55, 6 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: «Гүлдер» ансамблі «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді





