Астана, Алматы және Шымкентте мерекелік демалыс күндеріне ауа райы қандай болады

18:05, 23 қазан 2026
MKZ: 1574079

© Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова

Алдағы мерекелік демалыс күндері Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +18°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

24 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +2...+4°С.

25 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +6...+8°С.

26 қазан: құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +6...+8°С.

Алматы

24 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +4...+6°С.

25 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +5...+7°С.

26 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +8...+10°С.

Шымкент

24 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, күндіз +13...+15°С.

25 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, күндіз +14...+16°С.

26 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!