VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы бір қола және бір күміс медаль

18:33, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564824

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Алыш күресінен және аударыспақтан да бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен қазақстандық спортшы Қожагелді Нұрсұлтан ІІІ-орын иеленіп, ел қоржынына қола медаль салды

Сондай-ақ аударыспақтан (Эр-Эңиш) Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Ақтық сында қырғызстандық қарсыласымен белдескен отандасымыз жеңіліс тауып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан үш алтын және бір қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!