Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың бес түрінен сынға түсті
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы ордо (асық ату), тоғызқұмалақ, кураш, гөреш және моңғол бөхі бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтіп жатыр. Қазақстан атынан спорттың 42 түрінен 152 спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күнінде моңғол бөхінен белдескен Ерасыл Амангелді мен гөрештен сынға түскен Мадияр Әбдірахманов қарсыластарына есе жіберді. Осылайша күрестің үш түрінен бәсекелер аяқталды.
Тоғызқұмалақшылар арасындағы сайыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал ордо бойынша финалдық ойындар 2 қыркүйекке жоспарланған.
2026 жылғы 2 қыркүйекте көкпар, көкбөрі, ер еңіш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, құсбегілік, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг, арқан тартыс, сумо, стронгмен және жамбас сүйегін сындырудан жарыстар өтеді.
2026 жылғы 31 тамызда ойындардың ашылу салтанаты өтіп, оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. "Бішкек Аренадағы" ауқымды шоуды стадионда 29 мыңнан астам көрермен тамашаласа, елордадағы жанкүйерлер аймақтарына тағы 30 мыңға жуық адам жиналды. Іс-шараның ауқымы әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 2 қыркүйек 2026
Қарағандыдағы ауруханада өрт шығып, 20 науқас эвакуацияланды
-
10:10, 2 қыркүйек 2026
Энрике Иглесиастың концертіне байланысты Астананың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
-
10:02, 2 қыркүйек 2026
Алматы мен Пусан арасындағы туристік байланыс нығайып келеді
-
09:59, 2 қыркүйек 2026
Күзгі әскерге шақыру – 2026: 23 мыңға жуық қазақстандық қайда қызмет етеді
-
09:51, 2 қыркүйек 2026
«Қазгидромет» Астана мен тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады





