Вакцинация паспортын қолдау жасау фактілері бойынша 39 іс қозғалды

18:09, 28 шілде 2021

© Сурет: zakon.kz

Жалған ПТР тесттері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілері бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, өйткені вакцинацияланбаған азаматтар коронавирустың таралуына жағдай жасай отырып, аурудың басқаларға жұқтыру қаупін жоғарылатады, деді ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды беру немесе қолдан жасау фактілері туралы ақпарат жинау бойынша ведомствоаралық арнайы жұмыс тобы (ІІМ, ҰҚК, БП, СЖҚА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ) құрылды. Интернет-ресурстарды мониторингілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мәселен, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған вакцинация паспорттарын немесе ПТР-анықтамаларды сату туралы 62 хабарландыру анықталды.

Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға (АҚДМ) жіберілді.

Сонымен қатар, жалған құжаттарды сатып алуға тырысып, алаяқтардың құрбанына айналуға болатындығын атап өткен жөн.

Ішкі істер органдарының жедел және тергеу бөлімшелері жалған құжаттарды сату фактілерін анықтау бойынша әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.

Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда.

Жыл басынан бері полиция органдары барлығы 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакцинация паспорттарын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасағаны үшін (ҚК 385-бабы – Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді және т.б. қолдан жасау, дайындау немесе өткізу).

Жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Осыған байланысты ІІМ сақтық шараларын ұстанып, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!