«Үстіне шығып, секірген». Астанада жасөспірімдер өзгенің көліктерін бүлдірген
© Сурет: видеодан алынды
Астанада қалалық полиция қызметкерлері құрылыс алаңында тұрған бірнеше көлікке зақым келтірген жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің нақтылауынша, көліктер жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тиесілі болған және ұзақ уақыт бойы сол аумақта тұрған.
"Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда көлік иелеріне келген материалдық шығын мөлшері есептеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде жасөспірімдердің заңды өкілдері — ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар балалардың әрекеті Астана қаласы әкімдігі жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады", делінген хабарламада.
Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстап, заңға қайшы әрекеттердің салдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін ескертеді.
Бөтен мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеліп соғуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстанда бұзақылық үшін жазаны қатайту ұсынылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:23, 3 сәуір 2026
Қазақстаннан көшіп кету үшін ұлтын өзгертпек болған астаналық құжат бойынша қиындыққа тап болды
-
16:07, 3 сәуір 2026
Оңтүстік Кореяда «кедейлер картасы» іске қосылды
-
15:54, 3 сәуір 2026
3 сәуір қорытындысы: теңге күшейіп, мұнай бағасы өсті
-
15:43, 3 сәуір 2026
ІІМ: Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады
-
15:33, 3 сәуір 2026
Алматы облысында тас жолды еріген қар суы шайып кетті





