ІІМ: Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.
Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.
Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.
Жобаның негізгі мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 3 сәуір 2026
Қуандық Бишімбаевтың туысқан ағасы ісін қайта қарауды сұрап, Кассациялық сотқа жүгінді
-
17:17, 3 сәуір 2026
Шымкентте төбелескен үш қыз аялдаманы да бүлдірген
-
17:08, 3 сәуір 2026
Түркістандық жас келіншек жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған
-
16:56, 3 сәуір 2026
Алматыда +27°С-қа дейін ыстық болады, Астанада жаңбыр мен найзағай, Шымкентте – жазғы ауа райы
-
16:40, 3 сәуір 2026
Алматыдағы крематорийдің ашылу мерзімі белгілі болды





