Үшінші алтын медаль: конькимен жүгіруден Кристина Шумекова тағы да чемпион атанды

15:17, 28 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, үздік атанды, делінген ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Екінші орынды жапониялық Аяно Сэкигучи (Жапония) иеленді - 1:16.66. Қола жүлде австриялық Джанин Роснерге бұйырды - 1:17.00.

Анастасия Беловодова 1:17.99 уақыт нәтижесімен жетінші орын алды. Варвара Глухова 32-орынға тұрақтаса, Айзада Рымбек 34-орынға ие болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарда да топ жарған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!