Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 28 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды".
Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді.
Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.
Айта кетсек, 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 28 ақпан 2026
«Қар, тұман, көктайғақ». Жексенбіде еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:12, 28 ақпан 2026
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компанияларға Таяу Шығыс елдері үстінен ұшуға тыйым салды
-
17:00, 28 ақпан 2026
Түркістан облысында бір сағат ішінде әйел жүргізуші көлігімен екі баланы қаққан
-
16:35, 28 ақпан 2026
БҚО-да экс-шенді кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды
-
16:21, 28 ақпан 2026
СІМ Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады





