Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттық критерийлері өзгерді

09:48, 27 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Үкімет 2024 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемдеріне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру кезінде бір мезгілде келесі критерийлер сақталады:

  • ҚР-да жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелердің көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 миллион теңгені құрайды;
  • ҚР-да жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 50 мәмілені құрайды;
  • IPO (Initial Public Offering) не SPO (Secondary Public Offering) өткізу жолымен бағалы қағаздарды орналастыру немесе еркін айналыстағы бағалы қағаздардың саны Эмитент сатып алған бағалы қағаздарды шегергендегі орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде 10%-ын құрайды. (Жаңа тармақ)

Ережелер мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылды:

Еркін айналыстағы бағалы қағаздардың санын есептеу кезінде эмитент сатып алған бағалы қағаздарды шегергендегі орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санынан меншіктегі бағалы қағаздар алынып тасталады:

  • Мемлекет;
  • Эмитенттің лауазымды адамдары мен олардың жақын туыстары;
  • Эмитенттің лауазымды адамдары және олардың жақын туыстары ірі акционерлер болып табылатын немесе мүлікте тиісті үлесі бар және (немесе) лауазымды адамдар болып табылатын заңды тұлғалардың;
  • Эмитенттің ірі акционерлері және олардың жақын туыстары ірі акционерлер болып табылатын немесе мүлікте тиісті үлесі бар және (немесе) лауазымды адамдар болып табылатын заңды тұлғалардың;
  • Эмитенттің еншілес ұйымдары мен Эмитенттің ірі акционерінің еншілес ұйымдары;
  • осы бағалы қағаздардың әрқайсысына тиесілі тұлғалар осы эмитенттің орналастырылған бағалы қағаздарының жалпы санының 10 және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде Эмитент сатып алғандарын шегергенде.

Бұдан өзге, енді қазақстандық қор биржасы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурстарында жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты орналастыруға міндетті. Естеріңізге сала кетейік, олар бұрын ақпаратты тоқсан сайын жариялап отыруы керек еді.

Сондай-ақ, IPO, SPO немесе еркін айналымдағы бағалы қағаздар туралы ақпарат Бағалы қағаздар Эмитентінен алынған мәліметтер негізінде жарияланады делінген.

Қаулы 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!