Атына 65 пәтер тіркеген қазақстандық анықталды

13:26, 26 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Атына 65 пәтер тіркеген Қазақстан азаматы анықталды. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен жаңа Салық кодексін пысықтауға арналған отырыста айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық экономика вице-министрінің сөзінше, атына ондаған жылжымайтын мүлік тіркелген азаматтар көп. Бірақ, заңға сәйкес олар туралы мәліметтерді жариялай алмайды. Сондай-ақ елімізде мүлік санын шектейтін заң жоқ екенін еске салды.

Тек жаңа кодекске сай оларға салық көлемі ұлғаяды деді. Ал, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға бірқатар салықтық жеңілдік жасалмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, бүгінде елімізде шамамен 2 млн-ға жуық кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға енді жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрудың қажеті болмайды. Тек табысы бойынша жай ғана алым төлеп отырады. Бізде салық салу нысаны оның табысы болады. Табыстың салық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды. Бірақ бұл жердегі 4 пайыз салық түрінде алынбайды. Ол өзінің зейнетақы жинағына, әлеуметтік және медициналық сақтандыруына ғана жарна ретінде аударылады." Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!