Ұрлық, тонау, алаяқтық: Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ мәліметінше, ол бірнеше рет сотты болған 31 жастағы ер адам.
"Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген адамнан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін қашып кетіп отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар ер адамға Қызылорда облысында ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланған", делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ күдіктінің ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) және 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Қазақстанның 3 мегаполисі мен 5 облысында жасалған 22 қылмысқа қатысы бары анықталды.
"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның басқа осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы тексеріледі", делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 15 мамыр 2026
Ердоған Ясауи кесенесіне ерекше сый жасады
-
18:58, 15 мамыр 2026
Тоқаев, Әлиев, Жапаров, Мирзиеев және Ердоған Ясауи кесенесіне зиярат етті
-
18:58, 15 мамыр 2026
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Ясауи кесенесіне зиярат етті
-
18:41, 15 мамыр 2026
ТМҰ мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды
-
18:38, 15 мамыр 2026
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты





