Ұмытшақ ер адам пойызға 6,7 миллион теңге салынған сөмкесін тастап кеткен

14:53, 6 ақпан 2023

© Сурет: unsplash

Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қомақты қаржы салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 ақпанда Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны Денис Чернецкий Есіл стансасындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, 4 миллион теңге мен 6 мың доллар (2,7 миллион теңгеден астам) салынған сөмкесін табуға көмектесуді өтінген.

Жоғалған сөме, ақша, пойыз, сөмке

Сурет: polisia.kz

Ол Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен достарымен кездесу үшін Есіл стансасынан түсіп, сөмкесі жоқ екенін үйге барғанда бір-ақ байқаған. Сөмкеде қомақты ақша мен құжаттар болған. Ол бірден көліктегі жол полициясы қызметкерлеріне жүгініпті.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полициясының қызметкерлері аталған сөмкені тауып, иесіне тапсырды", – делінген хабарламада.

Сөмкенің иесі Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Қызметкерлер менің дабылыма тез жауап берді. Пойыз басшысына хабарласты, сөмкемнің қайда екені анықталды. Алты сағаттан кейін құжаттар мен ақшам қайтарылды. Көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын.Денис Чернецкий


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!