«Ұмай» әйелдер ипотекасы қашан іске қосылады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2026 жылғы 11 тамызда Үкіметтегі брифинг барысында "Ұмай" әйелдер ипотекасының іске қосылатын мерзімін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бағдарлама жаздың соңына дейін іске қосылады.
"Бағдарлама тамыздың соңғы күндеріне дейін іске қосылады. Қазір Азия даму банкі бөлетін қаржының шамамен қанша болатыны белгілі. Өздеріңіз білетіндей, әйелдер ипотекасы "Отбасы банктің" өз қаражаты есебінен емес, тартылған қаражат арқылы қаржыландырылады. Әйелдер бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй сатып ала алады, оған қатысты шектеу жоқ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама емес", – деді Ләззат Ибрагимова.
Сонымен қатар банк басшысы салымдарды алдын ала ашуға кеңес берді.
"Өтінім берген кезде қолданыстағы салымның болуы және оның жинақтау мерзімі маңызды. Сондықтан салымды алдын ала ашуға кеңес береміз. Бұл өнімге сұраныстың өте жоғары екенін көріп отырмыз. Банк алдын ала тұрғын үй заемдарын береді. Автоматтандыру жұмыстары аяқталып, барлығы дайын тұр. Шамамен екі аптадан кейін бағдарламаның іске қосылғаны туралы жақсы жаңалық болады деп ойлаймын. Ол тамыз айында басталатыны анық", – деді "Отбасы банк" басшысы.
Қазақстанда жеткіліктілік шегінің көтерілуі ипотека нарығына қалай әсер ететіні туралы осы материалдан оқуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





