Қазақстанда eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылды: оның қандай артықшылықтары бар

14:20, 11 тамыз 2026
MKZ: 1560714

© Фото: gov4c.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында жаңартылған eGov порталының артықшылықтарын атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы жуырда іске қосылғанын еске салды.

"Қызметтер барынша жеңілдетіліп, пайдаланушылар үшін қолайлы бола түседі. Артық талаптар мен қажетсіз әрекеттер алынып тасталады", – деді Жаслан Мәдиев.

Министр сұранысқа ие бірқатар қызметтің жаңа үлгіде қолжетімді екенін айтты.

Сонымен қатар порталда кері байланыс қызметі іске қосылды. Ол арқылы әрбір пайдаланушы мемлекеттік қызметтерді жеңілдету, қолайлы әрі түсінікті ету жөніндегі ұсыныс-пікірін жолдай алады.

Бұған дейін электрондық үкіметтің ескірген шлюзіне қатысты мәселелер туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!